КОМПАНИЯНЫҢ РЕСУРСТАРЫ

ПЕРСОНАЛ

«Мұнайгазқұрылыста» біліктілігі жоғары және тәжірибелі басшылар, инженерлік-техникалық қызметкерлер, мамандар мен жұмысшылар персоналы жұмыс істейді.

Жұмыс көлеміне және іске асырылып жатқан жобаларға байланысты персоналдың қажетті саны Қазақстанның неғұрлым дамыған өнеркәсіптік өңірлерінде орналасқан өңірлік өкілдік кеңселер арқылы қабылдауды ұйымдастыру жолымен қамтамасыз етіледі.

Қызметкерлер дайындықтан өтеді, өз дағдылары мен білімдерін жетілдіреді, арнайы курстар мен тренингтерден өтеді. Аттестатталған оқу орталықтары, ЖОО және басқа да оқу орындары арқылы мамандарды даярлау және қайта даярлау бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде.

Компанияда қызметкерлердің әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік бағдарлама жүргізіледі. Жаңа қызметкерлерді бағдарлау бағдарламасы әзірленіп, пайдаланылуда, қызметкерлер үшін толеранттылық саясаты енгізілген.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАБДЫҚ

«Мұнайгазқұрылыс» ЖШС-нің Ақтау, Ақсай, Атырау қалаларында және Теңіз вахталық кентінде құрылыс және әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым нысандары – әкімшілік ғимараттары, өнімділігі жылына 1000 тоннаға дейінгі металл конструкциялар мен құбыр тораптарын дайындау цехы, жабық бояу-кептіру кешені, жөндеу-механикалық шеберханалары, автокөлікке арналған жабық бокстары, жылдың қыс мезгілінде автокөлікті жөндеуге арналған жабық ангарлары, БӨП, диспетчерлік, медициналық пункттері, тауарлық-материалдық қоймалары, техникалық газдарды сақтауға арналған қоймалары, майлау майларына арналған қоймалары, ЖМҚС, тез салынатын вахталық кенттері мен далалық қалашықтары, жатақханалары, тұрмыстық үй-жайлары, асханалары және т. б. бар.

Тұрақты қаржылық жағдай «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС-не машиналар мен механизмдер паркін уақтылы және қажетті мөлшерде жаңартуға мүмкіндік береді. Компанияның заманауи құрылыс, жол және автотехника паркі: Mercedes, Камаз, жүк самосвалдары, Liebherr, Grove автокрандары, Komatsu құбыр төсегіштері, Hitachi, Volvo, Case, экскаваторлары, Caterpillar бульдозерлері, Volvo, LiuGong автогрейдерлері, Caterpillar, LiuGong катоктары, Hyundai, Daewoo автобустары, жартылай тіркемелері, төмен жақтаулы тралдары, Case, Merlo жүк және мамандандырылған автокөтергіштері, Shacman су тасығыштары, Toyota, Nissan жеңіл автокөліктері және т.б. бар.

Компанияда барлық қажетті технологиялық жарақтар, соның ішінде заманауи қалыптар, бекіткіш бөлшектер, құрылыс сатылары, мінбелер, СББ станоктары, арматура мен металды қайта өңдеуге арналған жабдықтар бар.

Компанияның теңгерімінде қызмет көрсетуге дайын 500-ден астам авто-және арнайы техника бар.

Заманауи зерттеулердің шоғырын қамтамасыз ететін құрылыс және электрлі техникалық зертхана бар.

Компания құрамында дәнекерлеу учаскесі және қажетті және жеткілікті диагностикалық жабдықтармен жабдықталған бұзбайтын бақылау зертханасы жұмыс істейді. Бөлімше аттестатталған жоғары білікті инженерлерден, ақаукөргіштерден және дәнекерлеушілерден тұрады.